ЖАРНАМА МӘТІНДЕРІН ҚЫТАЙ ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2021.61.2.017Кілт сөздер:
жарнама, жарнама аудармасы, лингвомәдени аспект, тіл, мәдениетАннотация
Нарықтық экономика мен жаһанданудың дамуына байланысты жарнама күн санап маңызды бола бастады, сонымен бірге бұл адамдардың күнделікті өмірінің таптырмас бөлігі болып табылады. Сондықтан жарнаманың аудармасына отандық және шетелдік сарапшылар мен ғалымдардың назары аударылды. Ол бойынша әр түрлі зерттеулер жасалды. Алайда жарнама аудармасында көптеген проблемалар бар. Мәдениет өнімі ретінде жарнама тіл мен мәдениеттің байланысын тікелей көрсете алады, сондықтан жарнама тілі - мәдени негізі бар және заман ағымына әсер ететін құрал.