ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Автор(лар)

  • Ж.Т. Калижарова Казахский национальный университет имени аль-Фараби

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.030

Кілт сөздер:

эпистолярлық мұра, эпистолярлық жанр, архив, қолжазба, әдебиет мәселесі, әдебиет сыны, әдеби мұра, мәдени мұра

Аннотация

Аталған мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының жеке өмір деректеріне және ұлт тағдырына, қазақ тілі мәселесіне байланысты жазған ашық хаттары, өз замандастарымен, қаламгерлермен, оқырмандарымен, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерімен жазысқан және басқалардан алған хаттары мен жазба-деректері қарастырылған.

Мақаланың негізгі  мақсаты – ХХ ғасыр басында өмір сүріп, қоғамдық қызмет атқарған қазақ қаламгерлерінің хаттарын қарастырып, олардың мазмұнын, көркемдік құрылымын, қоғам мен заман шындығын қалай  шынайы бейнелегенін анықтау. Сол арқылы қазақ зиялыларының эпистолярлық жанрда шынайылық пен ашықтық танытқандығын дәйектеу. Алдыға қойылған  мақсатқа қол жеткізу үшін ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі эпистолярлық шығармаларды жинақтау, тақырыбына қарай сұрыптау жұмыстары жүргізілді. Ә.Бөкейханның, А.Байтұрсынұлының, М.Шоқайдың, С.Сейфуллиннің, С.Мұқановтың түрлі тақырыптағы хаттарының мазмұны ашылып, талдау жасалды. Бұған қоса эпистолярлық жанрдың қазақ көркем әдебиетіндегі көрінісі де назарға алынды. ХХ ғасыр басындағы эпистолярлық шығармалар әдебиеттанушылар тарапынан назарға алынбаған. Мақала авторлары осы олқылықтың орнын толтырып, ХХ ғасыр әдебиетіндегі қазақ эпистолярлық жанрын тақырыптық жағынан жіктейді.

 Мақаланы жазу барысында зерттеудің бағытына байланысты қажетінше ғылыми талдау мен жинақтау, хронологиялық, кешенді талдау әдістері негізге алынды.

ХХ ғасыр басындағы қаламгерлер арасында жазылған хат-хабарларда   көбінесе әдебиеттің, көркем шығарманың тағдыры, ұлт мұрасы, халықтың жағдайы,  туған жер мәселесі  кеңінен сөз болатындығы анықталды. Автор ХХ ғасыр басындағы қазақ эпистолярлық прозасын былайша жіктеуді ұсынады: елдің әлеуметтік мәселелеріне қатысты жазылған хаттар; ғылым-білім саласына, тіл мәселесіне байланысты жазылған хаттар; достық қарым-қатынас үлгілерін көрсететін хаттар; көркем шығармаларда кездесетін эпистолярлық жанр үлгілері.

Мақала жоғары оқу орындарындағы  «Әдеби  сын», «Әдебиет сыны тарихы», «Әдебиет  теориясы» пәндерін оқытуда пайдалы болады деп саналады. Зерттеу нәтижелерін қаламгерлерді танытуға арналған дәрістер мен практикалық сабақтарға дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи