КӨРКЕМ МӘТІННІҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Автор(лар)

  • Амангалиева А.Е. ЗКАТУ им. Жангир хана
  • Джумабекова А.А.
  • Сөйлемез О.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.73.2.002

Кілт сөздер:

прагматика, прагмалингвистика, прагмастилистика, дискурсті сөйлеу, эксплицитті ақпарат, көркем мәтін, монолог, диалог

Аннотация

Мақалада мәтін тілінің прагматикалық функцияларын анықтайтын және прагматикалық әлеуетін күшейтетін көркем әдебиеттерден мәтін үзінділері беріліп, талданды. Көркем мәтін тудырушы автордың жеке стилі, сөз шеберлігі, суреткерлігі, түйсіне білу сынды қасиеттері бүтін бір мәтіннің прагматикалық қызметін, мәнін, сапасын арттырады. Белгілі бір дәрежеде тәрбиелейтін, ішкі мәдениеті мен рухани әлемін, ұлттық рухын оятатын, қоғамның санасына үлкен әсерін тигізетін көркем мәтіндер еш уақытта зерттеу нысанынан алынбайтыны анық.

Мақаланың мақсаты – әдеби шығармадағы көркем мәтін тілінің функционалды прагматикалық аспектілерін анықтау. Функционалды прагматика лингвистиканың ішкі және сыртқы салаларын қатар қамтиды. Сонымен қатар функционалды прагматика категориялары қоғам мен тұлға және сөйлеу әрекеті болып танылады. Яғни, тұлға қоғам ішінде қалыптасып, тіршілікке бейімделу мақсатында тілді пайдаланады, амал-әрекет жасайды деп есептейді. Қоршаған ортаны тануда кез-келген тұлғаның өзіне тән шындық өлшемдері бар екені мәлім. Ол философиядағы шындық категорияларынан бастау алғанымен, фунционалды прагматикада экстралингвистикалық, менталды, тілдік шындық деп айтылады. Демек, функционалды прагматикада сөйлеуші мен тыңдаушының сөйлеу әрекеті барысындағы тілдік формаларды дұрыс пайдалануымен қатар ниеті, пиғылы, ойы, стилі, тактикасы да маңызды. Тілді зерттеу аясын кеңейту мақсатында көркем мәтін тіліндегі функционалды прагматика саласының маңызы зор.

Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық маңыздылығы. Көркем мәтін қазақ этносының, көркемсөз шеберлерінің бітім-болмысын, психологиялық, генетикалық ерекшеліктерін, сөз саптау, сөз жасау қабілет-қарымын айқындайды. Осыған сәйкес сөз қасиетінің дәрежесін, сапасын, ұлттық кодтың тілдегі көрінісін жан-жақты ашып беретін көркем мәтіндерді талдаудың маңызы зор. Оқырман прагматикасы оның қабылдау деңгейі, тілдегі пропозициялық актілері, декодтау стилистикасы сынды т.б. мәселелерді қамтиды. Осындай күрделі әрі өзекті тақырыптар мәтіннің прагматикалық қызметін арқалайды және ауқымды зерттеулерді қажет етеді.

Зерттеу әдіснамасында алға қойылған міндеттерді шешу мақсатында жұмыста қарастырылатын тілдік бірліктерді көркем шығармалардағы мәтіндерден жинау, мәтіндік талдау, сипаттау әдісі, т.б. әдіс-тәсілдер кешенді түрде қолданылады.

Зерттеу нәтижелерінде жинақталған материалдар мен тұжырымдарды жоғары оқу орындарында «Прагмастилистика», «Мәтін және дискурс», «Көркем мәтіннің прагматикасы», «Мәтіннің прагмалингвистикасы» сияқты арнаулы элективті курстар жүргізуде, дипломдық және курстық жұмыстарды жазу барысында қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының құндылығы жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінде «Көркем шығарма тіліндегі мәтін лингвистикасы» сияқты арнайы курстар мен семинарларда, сонымен қатар сабақ барысында түрлі сөздіктер құрастыру мақсатында пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи