САЯСИ БАҚ ДИСКУРСЫН ІЛЕСПЕ АУДАРМАДАҒЫ ЛИНГВО-МӘДЕНИ БЕЙІМДЕУ СТРАТЕГИЯСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.016Кілт сөздер:
саяси медиа дискурс, лингвистикалық және мәдени ерекшеліктер, трансформациялар, стратегия, ілеспе аударма, калькілеу, функционалдық аналог, форенизация, доместикацияАннотация
Саяси медиадискурста көптеген тілдік құралдар бар, олар сөйлеуді бейнелі етуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар елдер арасындағы саяси қарым-қатынаста үлкен рөл атқарады. Саяси медиадискурсында тілдік құралдар, халықтың мәдениеті мен құндылықтарымен тығыз байланысты тіркестерге, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерге, метафораларға толы. Аталмыш дискурстағы аудармашының міндеті – бір мәдениеттің ерекшелігін екінші мәдениет өкілдеріне жеткізу және нақты көрсету. Ол үшін аудармашы лингвомәдени бейімделу стратегиясын пайдаланады. Бұл мақалада орыс, ағылшын және американдық БАҚ материалдары негізінде, мәдени сипаттарды беруде аударма барысында қиындықтар тудыруы мүмкін тілдік құралдарына талдау жасалды. Мақаланың ғылыми маңыздылығы саяси медиадискурстағы лингвомәдени бейімделуді сиппатаумен байланысты. Бұл зерттеудің нәтижелерін ілеспе аудармашылар мен аударма саласындағы мамандарды дайындау үшін пайдаланылуға болады. Зерттеу үшін саяси медиадискурстағы лингвомәдени ерекшеліктерге шолу және талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде лингвомәдени бейімделу стратегиясын қолдану әдістері зерттеліп, форенизация және доместикация техникалары қолданылды, сөз және тіркестерді трансформациялауда калькалау, нақтылау, функционалдық аналог сияқты әдістер қолданылды. Аударманың негізгі әдістері ұсынылып, аудармашылар қолдана алатын аударманың маңызды факторлары мен аспектілері сипатталды.