АНИМАЛИСТІК ЛЕКСИКАНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ КОГНИТИВТІ-САЛҒАСТЫРМАЛЫ СИПАТЫ

Автор(лар)

  • Ж.А. Жетесова АРУ имени К.Жубанова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.006

Кілт сөздер:

анималистік лексика, зоонимдер, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, аполог, ертегілер, уәжділік, тілдік бірліктер

Аннотация

Ұсынылып отырған мақалада қазақ және ағылшын ертегілеріндегі анималистік лексика талданады. Мақаланың мақсаты – қазақ және ағылшын ертегілеріндегі анималистік лексиканың, зоонимдердің лингвомәдени, когнитивті-салғастырмалы сипаттарын анықтау. Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, этникалық және мәдени ерекшеліктерді бейнелейтін әлемдегі ең бай және алуан түрлі тақырыптық топтардың бірі және ұлттық тілдік бейненің бөлігі болып табылатын «жануарлар атаулары» тобының лексикасын зерттеу әлемнің әртүрлі тілдерінің материалдарында ұзақ және сәтті жүзеге асырылды. Мақаланың ғылыми маңыздылығы лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика саласындағы анималистік лексикаға қатысты зерттеушілердің еңбектеріне, пікірлеріне сүйене отырып, теориялық тұжырымдарды салыстырып, қарастыра отырып, практикалық негізде «тышқан», «қоян», «қасқыр», «аю» зоонимдерінің қарастырылуынан көрінеді. Мақалада көтерілген мәселені талдауда анималистік лексика, зоонимдер жайындағы зерттеушілердің еңбектері, зерттеу мақалалары негізге алынды. Оның ішінде ертегілердегі концептуалды бейнені зерттеген А. Қасымбекованың диссертациялық зерттеуі негізге алынды. Ертегілерді классификацияға ажыратуда С. Қасқабасовтың жүйесі қарастырылды. Зоонимдерді зерттеуде зоонимдер жайлы зерттеушілердің пікірлері негізге алынды. Мақаланың негізгі зерттеу әдістері қазақ және ағылшын ертегілерінің сюжеттік желісін салыстыру, келтірілген зоонимдерді лингвомәдени талдау әдістері аясында жүзеге асты. Мақаланың негізгі қорытындысында қазақ және ағылшын ертегілерінде анималистік лексика, «тышқан», «қоян», «қасқыр», «аю» зоонимдерінің тілдік бірліктегі берілуі қатар қарастырылып, ертегілердегі сипаттарымен салыстырылды. Сондай-ақ, ертегілердегі ұлттық болмысты танытатыны, сипаттау арқылы көрініс беретіні анықталды. Қазақ танымында мәні мен мағынасы жағынан мәні ауыстырылған «аю», әлі күнге дейін мәні сақталған «қасқыр», «қоян», «бақа» жағымды-жағымсыз сипатта қатар қолданылатын «тышқан» зоонимдері талданды.

Мақаланың құндылығы қазақ және ағылшын тілдеріндегі ертегілердегі анималистік лексиканың, зоонимдер негізінде халықтың дүниетанымы, әлемді қабылдауы жөніндегі лингвомәдени, когнитивті-салғастырмалы сипаттарын анықтаудан көрінеді. Мақаланың практикалық негізі «Лингвомәдениеттану» мен «Когнитивті лингвистика» салаларындағы зерттеулерге қосылған үлес болып табылады. Зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдар лингвомәдени талдаудың, анималистік лексикадағы зерттеулерге түрткі бола алады. 

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-28

Жоба

Раздел

Статьи