ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕРДІ АУДАРУДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАР С. МҰРАТБЕКТІҢ "ЖУСАН ИІСІ" / "ГОРЬКИЙ ЗАПАХ ПОЛЫНИ" ПОВЕСІ МЫСАЛЫНДА
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.021Кілт сөздер:
аударма, ономатопеялық сөздер, бейнелі сөздер, еліктеу, лексика, ұлттық нақыш, сөз семантикасы, әлемнің ұлттық бейнесі, диалогАннотация
Қазақ әдебиетінде жазушылар еліктеуіш лексиканы белсенді қолданады, себебі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер қазақ тілінде өте үлкен сөздер тобын құрайды, олардан жасалған туынды сөздер де көп. Осыған байланысты аудармашы авторлар бірқатар қиындықтарға тап болады, өйткені имитациялардың тікелей аудармасын табу қиын, көптеген жағдайларда мағынасы жақын сөздер, құбылыстар немесе кейде тіпті сөздің түсіндірмесі қолданылады. Аталып отырған жағдай көркем шығарма тілінің экспрессивтілігінің, эмоционалдылығының, ұлттық бояуының, кейіпкерлердің сөйлеу тілінің даралануына, жоғалуына әкеп соғады.
Зерттеу салыстырмалы талдау әдістерін, сондай-ақ индуктивті және дедуктивті зерттеу әдістерін қолданылды.
Қойылған мақсатқа жету үшін авторлар С.Мұратбектің "Жусан иісі" / "Горький запах полыни" повесі мысалында қазақ тілінен орыс тіліне еліктеуіш пен бейнелеуіш сөздердің аударма ерекшеліктерін зерттеді.
Зерттеу негізінде имитацияларды (еліктейтін, ономатопеялық сөздер) аударудың өзіндік ерекшелігі мен бірқатар қиындықтары бар деген қорытындыға келуге болады. Жоғарыда келтірілген нақты мысалдар олардың кейбіреулері аудармашымен әдейі алынып тасталатынын, ал басқалары сөйлемнің мағынасын ғана сақтай отырып, мүлдем аударылмайтынын анық көрсетеді. Мәтінді аудару кезінде тілдің көркемдігі, жандылығы және ұлттық ерекшелігі жоғалады.