ОРЫС ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА МӘТІНДЕРДІ ТҮЙШІНДЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

Автор(лар)

  • Ибадильдина З.Х.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2021.62.3.009

Кілт сөздер:

ғылыми стиль, бастапқы ғылыми мәтіндер, екінші кезектегі ғылыми мәтіндер, андатпа (түйін), компрессия, басты және қайталама ақпарат, клише, өзіндік жұмыс

Аннотация

Мәтіндерді түйіндеу дағдыларын қалыптастыру мен жетілдіру жаңа формация маманының ғылыми тілінің маңызды бөлігі болып табылады.Қажет ақпаратты іздеу, оның мазмүны мен маңыздылығы көп жағдайда саутты құрастырылған түйінге байланысты. Түйінделген мәтіндерді құрастыру іскерлігі жалпы ғылыми сипатқа ие, себебі жоғары оқу орны бағдарламасының барлық пәндерін зерделеу барысында жүзеге асырылып, қарқынды өзгеріп жатқан ақпараттық кеңістікте бағыт-бағдар табу қажеттілігіне байланысты ерекше өзекті болуда.

Мақаланың жазылу мақсаты - оқу қазақ тілінде жүргізілетін топтарда орыс тілі сабақтарында пайдаланылатын мәтіндерді жазбаша түйіндеуге үйретудің кейбір әдіс-тәсілдерін сипаттау болып табылады.

Мақалада түйіндеу жанрын зерттеуге арналған ғылыми еңбектерге шолу жасалып, орыс тілін оқыту әдістемесінде түрлі мәтіндерге түйін жазу мәселесіне көбірек назар аударылатыны туралы айтылады. Автор заманауи ғылыми мәтіннің  тілдік және стилистикалық ерекшеліктерін, түйіннің ерекшеліктері мен түрлерін қарастырып, түйіннің анықтамасы нақтылайды және мәтінді түйіндеу маңыздылығын айқындап, түйіннің функциялары атап көрсетеді.Студенттердің түйін жазу дағдыларын дамыту мақсатында әрбір орыс тілі сабағында мәтінді түйіндеуге кешенді үйрету ұсынылады. Мақалада әрбір кезеңді өткізу әдістемесі сипатталып, жаттығулар мен тапсырмалар жүйесін орындау ұсынылады. Түрлі тілдік стандарт-клишелер ұсынылып, түйін жазу нормалары, оның грамматикалық және стилистикалық құрылымы, сондай-ақ ақпаратты ұсынудың қисындылығы қарастырылады.Қазақ бөлімі студенттерінің түйінді сауатсыз құрастыру себептері анықталады. Түйін жазу бойынша ұсыныстар беріліп, жеке практикалық тәжірибеден мысалдар келтіріледі.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы мәтіннің мазмұнын болжау, мәтінді қысқарту, түйін түрінде алынған және өңделген ақпаратты ұсыну дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар жүйесінің ұсынылуында. Орыс тілі сабақтарында студенттерді түйін жазуға үйрету оқу және ғылыми қызметті ұйымдастыру үшін, сондай-ақ ғылыми ақпаратты қабылдау мен өңдеуге байланысты дағдыларды қалыптастыру үшін  үлкен маңызға ие.

Мақала материалдары орыс тілі бойынша практикалық сабақтарда, оқу қазақ тілінде жүргізілетін топтарда кәсіби орыс тілін үйретуде, сондай-ақ тілдік және тілдік емес жоғары оқу орындарында арнайы курстар оқу кезінде пайдаланылуы мүмкін. 

Жүктеулер

Жарияланған

2021-09-30

Жоба

Раздел

Статьи