ОРТА МЕКТЕПТЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ОҚЫТУ МОДЕЛІ

Автор(лар)

  • С.А. Гаипова КазНацЖенПу
  • Д.Ж. Дауылова
  • Ғ.Ж. Убайділла

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.022

Кілт сөздер:

мәдениетаралық коммуникация, стратегия, дебат, оқыту әдісі, өзара әрекеттесу, түсініспеушіліктерді жою, делдал, жоба

Аннотация

Мәдениетаралық қарым-қатынас шет тілін оқытудың басты мақсаты болып табылады, өйткені бұл студенттер ұмтылатын тәжірибе, атап айтқанда, басқа мәдениет өкілдерімен еркін және дұрыс сөйлесу,  қарым-қатынас жасау. Мұғалім оқушыларға барлық білімді дұрыс пысықтап, талдауға және оны іс жүзінде қолдануға көмектесетін делдал. Мақаланың мақсаты – әдістемелік құрал негізінде мәдениетаралық қарым-қатынасты оқытудың тиімді әдістерін зерттеу және оқыту моделін құру. Ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы студенттерді мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету үдерісін жетілдіруде болып табылады, бұл студенттерге тәжірибеде конфликттік жағдайларды немесе басқа мәдениеттермен түсініспеушіліктерді болдырмауға көмектеседі. Негізгі зерттеу әдістері мәдениетаралық қарым-қатынасты оқытудың әртүрлі әдістерін бағалау, оқу материалдарын талдау, олардың тиімділігін бақылау және талдау болып табылады. Нәтижелер оқытудағы ең тиімді жұмыс оқытудың дұрыс моделі мен стратегиясын, сонымен қатар оқытудың бірнеше формаларын, мысалы, жеке және топтық әдістерді біріктіру екенін көрсетті. Мақаланың ғылыми жаңалығы мәдениетаралық коммуникацияны оқыту әдістерінің тәжірибеде тиімділігін талдау. Мәдениетаралық қарым-қатынастың оқу процесінің моделі оқытуда практикада қолданылуы мүмкін, сонымен қатар басқа зерттеулерге теориялық негіз бола алады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-28

Жоба

Раздел

Статьи