ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ТІЛДІК ҚОЛДАНЫСТАР: НОРМА ЖӘНЕ УЗУС

Автор(лар)

  • А. Салкынбай Al-Farabi Kazakh National University
  • Ж. Сарсенбай КазНУ имени аль-Фараби

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.015

Кілт сөздер:

әлеуметтік желі, виртуалды қарым-қатынас, интернет, норма, узус, сленг, жазбаша ауызекі сөйлеу, виртуалды кеңістік

Аннотация

Қазіргі қоғамдағы орын алып отырған интернет, әлеуметтік желілер арқылы тілімізге жаңа сөздердің енгені бәрімізге белгілі. Жаңа ұғым, жаңа тілдік бірлік сөздік қорымыздың қоржынынан орын алып, тілдің қатпарына еніп толығу үдерісі жүріп жатыр. Ал виртуалды қарым-қатынас кеңістігі күнделікті шынайы қарым-қатынастың орнын алмастыруына әкеліп тұр. Яғни виртуалды коммуникация тілдік нормалардың қағидаттарына да өз септігін тигізіп бастады.

Мақалада қазақтілді әлеуметтік желілерде коммуникацияның басты ерекшелігі виртуалды қарым-қатынаста қатысушының шынайы қатысушымен алмастыруы сөз етіледі. Әлеуметтік желі дискурсы мәтіндерінің ғылыми-практикалық мәселелері қарастырылады. Шетелдік және отандық ғалымдардың тақырып аясында айтылған ғылыми көзқарастары беріледі. Тақырыптың ғылыми маңыздылығы – қазақтілді әлеуметтік желідегі норма мен узустың айырмашылығын айқындау. Әлеуметтік желідегі мәтіндер білім көзі емес, ол жаңалық не көңіл көтеретін мәлімет сипатында болатыны келтіріліп, соған сай ол қысқа, бірақ мол ақпаратқа ие болуы керектігі, мәтіндегі ақпарат тек әріп жазуымен ғана емес, суретпен, дыбыс және бейне жазбамен де берілетіндігі жайлы айтылған. Интернет коммуникациясы стилі пайда болғандығы айтылады.

Сонымен  қатар ХХІ ғасырдың басында профессор Р.Сыздықтың тақырып аясындағы жұмысына сипаттама беріледі.  Қазақ тіліндегі әлеуметтік желі тілін негіздеуде, осы бағыттағы әлемдік тіл біліміндегі қолданбалы бағыттағы жұмыстарды зерттеуде шолу, сипаттау, баяндау, аналитикалық талдау әдістері қолданылады. Әлеуметтік желідегі мысалдар лингвистикалық мәтін ретінде талданады.

Мақаланы жоғары оқу орындарында «Тілдік қарым-қатынас және сөз мәдениеті» пәні бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарға дайындық кезінде қосымша оқу материалдары ретінде пайдалануға болады.

Мақаланың мақсаты мен міндеті - әлеуметтік желі дискурсын интернет дискурстың бір типі сапасында қарастырып, оның мәтінінің лингвистикалық ерекшеліктерін анықтап, әлеуметтік желіде норма қаншалықты сақталатынын және узустық қолданыстарды анықтау. Әлеуметтік желі мәтіндерінің ортақ талаптары сөз етіледі. Біз жинаған, талдаған материалдар негізінде әлеуметтік желідегі қазақша мәтіндердің грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) ерекшеліктерін он топқа бөліп талдадық. Әлеуметтік желідегі, нақты айтқанда фейсбук пен уатсап  желісіндегі, қазақша мәтіндердің лингвистикалық ерекшеліктері нақты мысалдармен талданады. Сөзді үнемдеу мақсатында қолданылатын әлеуметтік желінің тілі зерттеуді қажет етеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи